• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Хоккей: «Барыс» үш ойыннан кейін жеңіске жетті

277 рет
көрсетілді

Бүгін кешке Астананың «Барыс» командасы өз алаңында Ресейдің Ханты-Манси қаласының «Югра» клубымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Кездесу өте қызықты және тартысты өтті. Астаналық хоккейшілер ойын бастала сала алға ұмтылып, 1-минутта қарсыластар қақпасына алғашқы шайбаны соқты. Бұл шайбаның авторы  Роман Старченко атанды. Бірінші кезеңде алаң иелері қаншама тырысқанымен екінші шайбаны соға алмады. Оның орнына «Юграның» ойыншысы Никита Гусев17-минутта есепті теңестірді.

Екінші кезеңде «Барыс» көп шабуылдың бірінде қарсыластар қақпасының кілтін тауып, есепті 2:1-ге жеткізді. Онда қонақтардың қақпасын 23-минутта  Михаил Рахманов дәл көздеді. Осыдан кейін араға бір минут салмастан Николай Антропов  үшінші шайбаны соқты. Екінші кезеңде «Югра» есепті қысқарта алды. Ойынның. 32-минутында Артём Булянский  шайба соқты. Алайда, осы кезеңде Брэндон Боченски «Юграның» қақпашысынан айласын асырып, төртінші голдың авторы атанды.

Үшінші кезеңде «Югра» ойынның аяқталуына 5 минут қалғанда Артем Булянскийдің шайбасымен  есепті қысқарта алды. Одан басқаға шамасы келмеді. Сөйтіп, астаналық хоккейшілер «Югра» клубын плей-офф кезеңінен шығарып тастады. Енді «Барыс» келесі кездесуін 26 ақпан күні Ресейдің Мытищи қаласында «Атлант» командасымен өткізеді.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://hcbarys.kz/

Соңғы жаңалықтар