Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Н.Әбіқаев Қазақстан Президентіне ведомствоның қазіргі қызметі және басымдығы бар алдағы міндеттері туралы баяндады.
Кездесу барысында азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.