Пантеллерия аралында болған торнадодан кемінде екі адам қаза тауып, тоғызы жарақаттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы La Repubblica газеті мәлімдеді.
Мэр Винченцо Кампоның, «әрине, бұл құйын үйлерді қиратып, сондай-ақ әр түрлі көліктерді зақымдады», деген сөзін келтіреді басылым.
«Біз бұл оқиғадан келген шығынды әзірге толық есептеп біткен жоқпыз». Газеттің жазуынша, кем дегенде 10 көлік зақымданған.