Атырау тұрғыны психотропты дәрінінің 90 данасын заңсыз сатпақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Дәрмек» профилактикалық іс-шара кезінде психотропты дәрілерді сатушы анықталған.
«Атырау қаласындағы «Вокзал маңы» шағын ауданында 38 жастағы 50 трамадол, 40 трапикамед дәрі-дәрмегін заңсыз сатып жүрген жерінен ұсталды. Осы дерекке байланысты жинақталған іс-құжаттар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.