• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қыркүйек, 2021

Орал мектептерінде 10-ға жуық сынып карантинге жабылды

413 рет
көрсетілді

БҚО-да 26 мектепте ондаған сынып карантинге жабылды. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі таңда Орал қаласы мен БҚО аудандарының бас мемлекеттік санитария дәрігерлерінің қаулысымен оқушылар мен студенттер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тіркелуіне байланысты 26 мектепте 38 сынып, орта оқу орнында үш топ және ЖОО-да бір топ карантинге жабылды», делінген хабарламада.

Жалпы, ел бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  коронавирусқа байланысты 241 сынып карантинге жіберліген.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында сабақтар офлайн форматта басталды. Санитария дәрігерінің қаулысында бір сыныпта және топта оқушы немес студенттен коронавирус анықталса, бүкіл сынып/топ ұжымы 14 күндік карантинге кететіні жазылған.