• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2021

Шу тұрғынынан 5 келіге жуық «гашиш» табылды

161 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауылынан 5 шақырым жерде Шу қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады.

Тұрғынды тінту барысында жалпы салмағы 4 келі 704 гр «гашиш» есірткі заты табылып, тәркіленді.

«Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.