• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Қыркүйек, 2021

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

284 рет
көрсетілді

Ресейдің Иркутск облысында L-410 ұшағы құлады. Апат саладрынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Екі моторлы L-410 ұшағы жергілікті уақытпен 23:15-те  Иркусткіден 500 шақырым қашықтағы Казачинское ауылынан 4 шақырым жерге құлаған.

Прокуратураның мәліметінше, ұшақ кенттегі әуежайға қону үшін екінші айналым жасамақ болған. Иркутск губернаторы Игорь Кобзевтің айтуынша, бортта өрт шықпаған. Бастапқыда ұшақ өртенді деп хабарланған болатын.

Бортта 14 адам мен екі экипаж мүшесі болған.

 

Көлік прокуратурасы оқыс оқиға бойынша тексеруді бастады.Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

15 қыркүйек Иркутск облысында қаралы күн деп жарияланды.