• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2021

Таразда тұрғын үй мен екі көлік жанып кетті

176 рет
көрсетілді

Таразда Қапал көшесінде тұрғын үй және екі автокөлік өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы ТЖД-ның Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.

12 қыркүйекте 17:03-те минутта орын алған өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрады.

Өртті Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 15 қызметкері мен 4 техникасы сөндірді.

Өрт сағат 17:30-да ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.