• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қыркүйек, 2021

Азия чемпионаты: Бір алтын, бір күміс жүлде

461 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жаттығуында 235.1 ұпайды еншілеген қазақстандық Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Екінші орынды Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари иеленсе, таиландтық Ноппадон Сутвирух үшінші орында тұрақтады.

Жастар арасында тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден тағы бір қазақстандық Ярослав Махнев күміс жүлдеге ие болды. Бұл бәсекеде алтын жүлдені өзбекстандық Умидбек Камалбеков, қоланы тағы бір өзбек мергені Мұхаммад Камалов еншіледі. Ал жасөспірім арасында өзбекстандық Илхомбек Обиджонов жеңімпаз атанды.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын мен 1 күміс жүлде иеленді.

Айта кетсек, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.