• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2021

Аида Балаева ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілімен кездесті

250 рет
көрсетілді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне сапары аясында ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аида Балаева азаматтардың ақпаратты еркін алу және таратудағы конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ел ішінде қабылданып жатқан дәйекті қадамдар туралы, сондай-ақ пандемия жағдайында БАҚ-ты қолдау және кірістерді қысқарту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Министр БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Екіжақты өзара іс-қимылдың маңыздылығын ескере отырып, А.Балаева Т.Рибейроды министрліктің БАҚ-ты дамыту саласындағы түрлі жобалары аясында өзара жемісті жұмысқа шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап БАҚ-ты дамыту саласының барлық негізгі мәселелері бойынша байланысты дамытуға келісті.