«Самара-Шымкент» тас жолында орын алған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 қыркүйекте «Самара-Шымкент» автожолының 798 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.
«ВАЗ-2109» автокөлігінің жүргізушісі Хромтау жағынан Ақтөбе бағытында Ақжар кентінің жанындағы «Самара-Шымкент» автожолының 798 шақырымында жүріп, жол жүру ережелерін бұзып, «Газ-31105» маркалы автокөлікпен соқтығысты», деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2109» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Газ-31105» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.