• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2014

Құтқарушылар қауырт жұмыс үстінде

410 рет
көрсетілді

Облыс аумағында қыс қытымырлана түсуде. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 20 қаңтардан бастап барлық бағыттардағы жолдарды жабу жиілеген. Мәселен, соңғы екі тәулікте ғана 127 автокөлік пен 246 адам қар құрсауында қалған. Із-түзсіз кеткен бес адамның төртеуі табылғанымен, біреуінен әлі дерек жоқ. Боран Атбасар ауданындағы Қаражар ауылында жерлеу рәсіміне қатысқан 20 көлік пен 50 адамды бір күн бойы әбігерге түсірді. Құтқарушылар оларды жақын маңдағы телемұнара ғимаратында паналатуға мәжбүр болған.

Департаменттің жедел кезекшісі, капитан Аслан Нұрқановтың мәлімдеуінше, өңірде күрделі жағдай қалыптасып, қар құрсауындағы адамдардан сағат сайы­н төтенше хабарлар түсуде. Мәселен, «Ал­­маты-Екатеринбург» автожолы бойын­дағы Қазақ бекеті маңында 10 жолаушысы бар төрт көлік қар кептелісіне тап болған. Семенов селосына таяу жерде 12 жүк көлігі мен 15 жеңіл автома­шина қар астынан тазартып алынды. Ат­басар ауданындағы Покровка-Полтавка селоларының ара­лығында тоқтап қалған 10 көліктің 20 жолаушысы да көмек сұрауға мәжбүр болды.

Сондай-ақ, «Қорғалжын-Баршын» жолында жеті жүк көлігі мен 15 жолаушысы бар автобус құтқарушылар тарапынан жүргізілген шаралар нәтижесінде қауіпсіз жерге жеткізілді. Ал, Астана маңында боран 11 жүк және 25 жеңіл көліктерін қалың қармен шегендеп тастаған. Мұндағы 40 жолаушы да жылы орындарға жеткізілді.

Ауа райының күрт бұзылуы туралы ескертуге қарамастан, кешкісін малдарын іздеуге шыққан Жақсы ауданындағы Тарасов ауылының тұрғындары Нұрхан Саизиров пен Думан Ысқақовтан ұзақ уақыт хабар болмаған. Іздеу бригадасы оларды таң ата тауып, аудандық ауру­ханаға жеткізді. Шортанды поселкесі мен Степной селосы аралығында адасқан Грузов пен Одовенко да құтқарушылар көмегімен үйлеріне оралды. Бірақ, із­деу шараларының бәрі сәтті аяқталып жатпағанын айтуымыз керек. Мәселен, кешкісін Ақкөл қаласынан Домбыралы ауылына жаяу шыққан жиырма бес жасар Виталий Криковлюкті іздестіру екі тәулікке созылғанымен нәтиже бермей тұр.

Қар құрсауындағы кептеліс салдарынан жолды тазарту жұмыстары қиындай түсуде.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар