• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Фотогалерея 13 Қыркүйек, 2021

Кіші Талдыкөлге қызғылт фламинго келді

581 рет
көрсетілді

Қызыл кітапқа енген құстар отары Кіші Талдыкөлге ұшып келді. Су қоймасының жағасына әсем құстарды көруге келетіндер саны көбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрын тек хайуанаттар бағында немесе теледидарда көрсетілген құстарды Кіші Талдыкөл жағасынан көруге болады.

Көл жағасына көліктер тоқтап, қала тұрғындары балаларын сирек кездесетін құстарды көрсету үшін алып келуде.

Айта кетсек, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары Кіші Талдыкөлге қатысты жағдайға қатты алаңдаулы. Өткен аптада ғана экоактивисттер көлді сақтау туралы мәлімдеме жасаған. Әкімдік өз кезегінде сулы-батпақты алқап тазартылып, сақталатынына уәде берді.

«Осы көлдің арқасында біз аққулар мен фламингоға таңдана аламыз. Біз осы сұлулықты тамашалауға келдік. Кіші Талдыкөлге фламинго шағын отарда ұшып келді. Бүгін тоғанда оннан астам фламинго бар. Олар әлі жас, сондықтан есте қаларлық қызғылт түске әлі боялмаған. Мамандардың айтуынша, олар Қорғалжын қорығынан оңтүстікке қарай ұшады», деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақмарал Қабеева.

Ғалымдар бұл әсем көріністі қала ішінде көрудің соңғы мүмкіндігі екенін жоққа шығармайды.