21 қыркүйектен бастап Ресей Қазақстанмен әуе рейстерінің санын көбейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл шешім туралы Ресейде коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.
Келесі бағыттар бойынша тұрақты рейстердің саны артты:
Мәскеу-Нұр-Сұлтан аптасына 3-тен 7 рейске дейін; Мәскеу-Алматы, аптасына 2-ден 7 рейске дейін, Мәскеу-Қарағанды, Мәскеу-Шымкент, Мәскеу-Ақтау, Мәскеу-Қостанай, Санкт-Петербург-Нұр-Сұлтан, Махачкала-Ақтау, Грозный-Ақтау, Калининград-Алматы, Калининград-Нұр-Сұлтан, Новосибирск-Нұр-Сұлтан, Омбы-Нұр-Сұлтан, Омбы-Павлодар, Омбы-Петропавл маршруттары аптасына 1 рейс жиілігімен.