Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 12 қыркүйекте «Өскемен-Алтай» тас жолының 98-ші шақырымында орын алған.
«52 жастағы жүргізуші SHACMAN маркалы көлікті тізгіндеп келе жатқан. Жылдамдықты шектен асырып жіберген жүргізуші көліктің аударылып кетуіне жол берген. Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.