• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қыркүйек, 2021

«Мектепке жол» акциясына қатысты

104 рет
көрсетілді

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының қаты­сушылары күзгі жақсылық күнін мерекелеу аясында «Мектепке жол» акциясына қатысты. Акцияны Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды.

Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан жүзден астам бала шамамен 1 млн теңге сомада атаулы көмекпен қамтылды.

Акция Шығыс Қазақстан, Пав­лодар, Маң­ғыстау, Ақмола және Аты­рау облыстарында өтті. Осы­лайша, әлеуметтік себеп бойынша мектепке келмеудің алдын алу мақ­сатында жаңа оқу жылы қарсаңында жергілікті оқушыларға жасына қа­рай жеке таңдалған мектеп формасы мен рюкзактар, кеңсе тауарлары­ның жиынтығы, сондай-ақ ақшалай ­сертификаттар сыйға тартылды.

«Акцияның мақсаты барлық қа­­жетті заттарды – киім-кешекті, рюк­закты, кеңсе тауарларын және бас­қа қажеттіліктерге белгілі бір сома­ны жинау және оны отбасы­ла­ры қиын тұрмыстық жағдайға ­тап болған балаларға ұсыну болды. Биыл балаларға арналған жаңа оқу жы­лы офлайн режімде өтеді. Сондық­тан әлеуметтік себептер бойынша ба­лалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында біз күзгі жақсылық күнін мереке­леу аясында акцияға бастамашы болдық», деді Қазақстанның іскер әйелдер қауым­дастығының президенті Раушан Сәрсембаева.

Акцияны ҮЕҰ, Қазақстан хал­қы Ассамблея­сының өкілдері, ірі кәсіп­орындар және басқа да демеушілер, меценаттар қолдады.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында басталған болатын. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталығының мұ­рындық болуымен жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері марафонға 2,5 млн-нан астам адам қатысып, 202 мыңға жуық азамат атаулы көмек алды. Марафонға кез келген адам қатыса алады

 

«Егемен-ақпарат»