• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қыркүйек, 2021

Қаржы министрі бюджетті игермеген министрліктерді атады

135 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Республикалық бюджет бойынша 9,9 трлн теңге шығыс болды. Атқарылмау 31 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу 7 млрд теңгені құрады. Игерілмегені - 24 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Мәдениет және спорт, Әділет, Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты», деді министр.

Министр игерілмеудің негізгі себептерін де атап өтті.

«Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, төлем нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін жүргізілген, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау», деді ол.

Жамаубаев жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,2 трлн теңгені құрағанын айтты.

«64 млрд теңге жұмсалмаған. Өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қыркүйекке оларға 1 трлн 358 млрд теңге бөлінген. Оның 98%-і игерілді. Жұмсалмаған – 26,5 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 3 млрд теңге, игерілмегені – 23,5 млрд теңге», деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, ең көп игерілмеу Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстарында қалыптасқан.