Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қаулысына сәйкес, Алматы халықаралық әуежайы №32 қалалық емханамен бірлесіп вакцинациялау пунктін ашты.
Қала тұрғындары мен қонақтары терминалдың бірінші қабатында орналасқан медпунктте QazVac немесе Sinovac вакцинасын салдыра алады.