Гуманитарлық көмек аясында Жапония Үкіметі аймақ елдеріне COVID-19 вакцинасының 1,3 миллион дозасын жіберуге дайындалып жатыр. Бұл туралы Жапонияның Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотеги хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Тиісті елдердің сұранысы негізінде біз Тайваньға қосымша 500 мың доза, Вьетнамға 400 мың доза, Таиландқа 300 мың доза және Брунейге 100 мың доза жіберу туралы шешім қабылдадық», деді ол.
Мотэгидің айтуынша, Жапония аумағында өндірілген Британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының вакцинасы беріледі.
Жалпы алғанда, көрші елдерге осы вакцинаның 3 миллион дозасы үлестіріледі.