Испанияның оңтүстігіндегі орман өткен аптадан бері әлі жанып жатыр. Соңғы 5 күнде қызыл жалын 8 мың гектарға жуық алқапты күлге айналдырған, деп жазады Egemen.kz.
Апат аймағынан 2600 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жаумен 1 мыңға жуық өрт сөндіруші мен ондаған адам күресіп жатыр.
Таулы аудандарға әскерилер жұмылдырылған. Дегенмен, кей аудандарда өрт сөндіріліп, жағдай тұрақтала бастады. Эстепона және Бенахавис курортты қалаларынан көшірілген мыңнан аса тұрғынға үйлеріне оралуға рұқсат етілді.