• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанда әуежай қызметкерлері жұмысқа шықты

199 рет
көрсетілді

Кабулда халықаралық әуежай қызметкерлері жұмыс орындарына оралды. Олардың арасында 100-ден астам әйел бар, деп жазады Egemen.kz.

Жұмысшылар әзірге жалақысыз еңбек етіп жатыр. Бірақ алдағы уақытта мәселе шешіледі деген үмітте. Азаматтар Кабулдан аймақтарға еш кедергісіз ұша алады. Бірақ халықаралық рейстерді толық қалыпқа келтіруге біраз қиындықтар бар.

Еске сала кетейік, тәлібтер билікке келгелі көп мекеме жұмысын тоқтатып, әйелдердің жұмыс істеу мәселесі әлі біржақты шешілмеген.