• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қыркүйек, 2021

Заңсыз сауда айналымына қарсы кешенді жоспар бекітілді

392 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен мемлекет шекарасындағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоспар 3 бағытты қамтиды:

Заңнамалық процестер және халықаралық ынтымақтастық. IT-инфрақұрылымын құру. Бақылау рәсімін жетілдіру.

Атап айтқанда, келесілер жоспарланған:

Автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезекті енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу; Тауарлардың негізгі топтарының импортына мониторинг жүргізу, көлеңкелі айналым деңгейін төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Әкелінген сәттен бастап сатуға дейін таңбалауға жататын тауарларды бақылауды күшейту; ТБЖ-да төмен тәуекел деңгейіндегі СЭҚ-қа қатысты селективті іріктеу тетігін қолдану; ҚХР-дан ҚР арқылы транзитпен өтетін тауарлар көлеміне ҚХР кедендік статистикасымен алшақтықтардың болуы тұрғысынан бірлескен талдау жүргізу; ЕАЭО елдерінің фискалдық органдары арасында экспорттық операциялар бойынша мәліметтер алмасу; ҚР мен Қырғызстанның фискалдық органдары арасында экспорттық операциялар бойынша мәліметтер алмасуды жалғастыру; «АСТАНА-1» АЖ интеграциясымен автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін енгізу; Инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттерін талдау кезінде жасанды интеллект тетіктерін енгізу.

Жоспарда барлығы 44 іс-шара қарастырылған.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.