• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қыркүйек, 2021

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Күндіз 15 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

Ақмола облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде 3 градусқа дейін суытады. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар