• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қыркүйек, 2021

Президент Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға көңіл айтты

672 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Жоғары Мәртебелі Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтамын. Миссис Джонсон Уолл аса көрнекті тұлға болатын. Ол өзінің тамаша туындыларымен Біріккен Патшалықта және одан тыс жерлерде заманауи өнердің дамуына, ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Аяулы анаңыз жайлы жақсы естеліктер оны білетін адамдардың жүректерінде және жадыларында сақталатынына сенімдімін», делінген жеделхатта.