• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 15 Қыркүйек, 2021

Қазақстанның батыл қадамын атап өтті

405 рет
көрсетілді

1946 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші отырысы өткен әйгілі ғимарат Орталық Вестминстер Холында Тұңғыш Президент – Елбасы Семей ядролық полигонын жабуы тарихи шешімінің 30 жылдығына орай жоғары деңгейдегі халықаралық форум өтті.

Форум Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның Лондондағы елшілігі, Youth Fusion жастар ұйымының Ядролық қаруды та­ратпау және жою жөніндегі парламентшілері (PNND) бірлесіп ұйымдастырған шара «гибридті түрде» өтті. Бұл оның жұмысына қатысушылардың санын шектемеуге мүмкіндік берді.

Қазіргі үрдістер мен болып жатқан шынай ахуалды ес­кере отырып, талқылау ядро­лық қатерлер мен жаһандық кли­мат­тық өзгерістер проблемасы ара­сын­дағы байланыс мәселесіне ар­налды.

Қазақстан Премьер-Ми­нис­трі­нің орынбасары – Сыртқы іс­тер ми­нистрі М.Тілеуберді, Нұр­сұл­тан Назарбаев Қоры атқару­шы директорының орынбасары А.Марғұланұлы, сондай-ақ Ядро­лық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың атқарушы ди­ректоры Роберт Флойд қаты­су­шыларды бейнеүндеу арқылы құттықтады.

Іс-шараға Ұлыбритания, Фран­ция және басқа елдердің пар­ламент мүшелері белсенді қатысты. Форумға белсенді қаты­су­шылардың арасында Ұлы­британияның еңбек партиясының бұ­рынғы жетекшісі Джереми Корбин болды.

Жоғары қатысушылар жа­һан­дық ядролық қарусыздануды ілгерілетудегі Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи миссиясы мен рөлін ерекше атап өтті.

Конференцияға қатысушылар Семей ядролық полигонында 1949-1991 жылдар аралығында жүр­гізілген сынақтар ол жабыл­ғаннан кейін де Қазақстанның экожүйесіне елеулі зиян келтіріп жатқанын айтты.

Талқылау барысында біздің заманымыздың ең өткір екі жа­һан­дық проблемасы айтылды. Олар: климаттың өзгеруі мен ядро­лық соғыс қаупі – адамзаттың өмір сүруі мен әл-ауқатына экзистен­циал­ды қатер төндіретіні, бір-бірі­не қауіпті түрде әсер ететіндігі баян­далды.

Конференцияға 60-қа жуық делегат тікелей қатысты, ал он­лайн байланыс арқылы қатыс­қан­дардың саны 400-ге жуық.