• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қыркүйек, 2021

Алыстан келген ағайын

1298 рет
көрсетілді

Қазақ «Елге ел қосылса – құт» дей­ді. Тағдырдың жазуымен әлемнің әр бұрышына тарыдай шашырап кет­кен алыстағы ағайынның тарихи Отанына оралғанынан артық қуаныш бар ма?

Мұнайлы өңірге биылғы жеті айда жат жерде ұрпақ өрбітіп, ата дәстүрін берік ұстанған 123 отбасы оралды. Осылайша, ата-бабасының тамыры жайылған атажұртының бір уыс топырағын аңсап жеткен 182 қандастың көңілі бір демделді.

– Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген этностық қазақтар қандас мәртебесін алды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан 114 отбасы (171 адам), Қытай Халық Республикасынан 7 отбасы (9 адам) және Ресей Федерациясынан 2 отбасы (2 адам) бар. Атырау қаласына 100 отбасы (147 адам), Жылыой ауданына 20 отбасы (32 адам), ал Мақат ауданына 3 отбасы (3 адам) қоныстануды ұйғарды, – деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары.

 

Атырау облысы