• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қыркүйек, 2021

Тәліптер билікке келгелі Ауғанстанның жарты миллион халқы босып кетті

261 рет
көрсетілді

Тәліптер билікке келгелі Ауғанстаннан жарты миллион тұрғын безіп, босып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Гранди осылай деп мәлімдеді.

Халықаралық қауымдастық өкілі ауған босқындарының саны, алдағы уақытта да арта түсетінін айтады. Қазір Пәкістан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болған. Жұрт бекеттен өту үшін, бірнеше күннен бері далада түнеп жатыр.

«Шекараның арғы бетінде өте көп адам тұр. Мен осы Пәкістан жағына өте алмай, 2 күн тұрдым. Әбден қиналдым», дейді жергілікті тұрғын.