• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қыркүйек, 2021

Игі бастамаларға қызығушылық білдірді

238 рет
көрсетілді

Алматы қаласында Жастар ресурстық орталықтары (ЖРО) қызметінің тиімділігін арттыру бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылуда. Семинардың бірінші күні Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны іске асыру мәселелерін талқылауға арналды.

Өңірлік жастар ресурс­тық орталықтарының қаты­су­шылары мен басшылары Мемлекет басшысының жас­тар­ды қолдау жөніндегі бас­т­а­маларына ерекше назар аударды.

Жастар білім, ғылым, ци­фр­­лы технологиялар, креа­тив­ті индустрия және ру­хани-адамгершілік тәрбие сияқты маңызды әлеу­мет­тік салаларда, сондай-ақ Жолдауды іске асыруда жас белсенділердің қатысу мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Мем­лекет басшысы алға қой­ған жаңа міндеттерді ес­ке­ретіндей мемлекеттік жас­­тар саясатының негізгі ба­­ғыт­тарын талқылау жос­пар­лануда. Бірінші кезекте, жас­тар саясаты саласындағы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін өлшеу­дің маңызды құралына ай­налатын Жастардың дамыту индексі қаралады. Сондай-ақ «Жастар» ҒЗО сарап­шылары әзірлейтін NEET санатындағы жастарды анықтау мен есеп­теу­дің жаңа әдіснамасын зерделеу талқыланады.

ЖРО жұмысының сапасын арттыру мәселелеріне арналған семинар-тренинг Алматы қаласы Жастар сая­сатын дамыту мемлекеттік қо­рының алаңында өтуде.

Семинарлардың ұйымдас­ты­рушысы – Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігінің қол­дауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы. Айта кетейік, барлық семи­нар­лар санитарлық-эпи­де­­миялық нормаларды қа­таң сақтай отырып, Ashyq жү­йе­сін пайдалана оты­рып өткі­зілу­де.

 

«Егемен-ақпарат»