• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қыркүйек, 2021

1 қазаннан бастап қай жолдар ақылы болады?

364 рет
көрсетілді

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы 1 қазанда пайдалануға беруге дайын автокөлік учаскелерін атады, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір Нұр-Cұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентте), Щучинск – Көкшетау учаскелері ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын.

Бұл учаскелер барлық қажетті құралмен жабдықталған. Ал Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда учаскесін пайдалануға беру туралы бұйрықтың жобасы мемлекеттік органдарға келісім беруі үшін жолданған.

Бұл 1 санаттағы жол учаскелерінде ақылы жолды енгізу 2021 жылдың 1 қазанынан тест режимінде,  2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.

«Ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгерген жоқ және ол сол қалпында қалады.

ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар», деп жазылған хабарламада.