• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қыркүйек, 2021

Жыл басынан бері 100-ден астам бала мен жасөспірім суицид жасады

470 рет
көрсетілді

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Динара Зәкиева елде балалар мен жасөспірімдер арасында суицид мәселесі өршіп тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан қоғамы үшін тағы бір өзекті мәселе – балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид. Статистикаға сәйкес 2021 жылдың тек алты айында елде 105 суицид, сол сияқты 190 суицидке бару әрекеті тіркелді. Бірқатар өңірде суицид көрсеткішінің өсуі байқалады. Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы көрсеткіш өте қорқынышты. Осыған байланысты заң жобасында бұл мәселені шешу үшін орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру тетіктері ұсынылады», деді Мәжіліс депутаты.