• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 15 Қыркүйек, 2021

Мұғалімдерден ақша жинамақ болған мектеп меңгерушісі жұмыстан қуылды

376 рет
көрсетілді

Алматы облысында мектеп қажеттілігі үшін мұғалімдерден ақша жинамақ болған меңгеруші жұмыстан шығарылды, деп жазады Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінк сілтеме жасап.

Баспасөз хабарламасындағы мәліметке сәйкес, Алтын ауылындағы орта мектеп мұғалімдерінің айтуынша, Қарасай ауданы бойынша оқу ісінің меңгерушісі мектеп мұғалімдерінен 60-80 мың теңгеден бастап ақша талап еткен. Қаражат мектеп қажеттіліктері үшін қажет болған. Талқылаудан кейін жоғарыда аталған оқу меңгерушісі қызметінен босатылып, директор тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Департаменттің мәліметінше, пара алу деректері әлі де білім, ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласында жиі кездесіп отыр.

«Жалпы, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі бұрынғысынша тұрақты жоғары. Аталған факті Call-орталыққа келіп түскен өтініштердің санының көптігі бойынша дәлелденеді. Қазір арнайы 1424 Call-орталыққа түскен барлық өтініштің жартысынан көбі білім беру жүйесіне тиесілі», деп жазылған хабарламада.