• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қыркүйек, 2021

Игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылады

632 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жер қатынастары және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшыларымен өткен жиналыс барысында облыста игерілмеген 2,7 млн гектар жер мемлекетке қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде бос жатқан алқаптарды қолданысқа жарату өте маңызды. Себебі көптеген шаруа қожалықтары жайылымдық жерлердің тапшылығын сезінуде. Қазіргі таңда жердің бір бөлігін бұрынғы меншік иелері өз еркімен қайтарып берді. Барлық қалалар мен аудандардың әкімдеріне таныстырылған ортақ белгіленген алгоритм бар», деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, пайдаланылмай жатқан 2,7 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылуы тиіс. Осыған байланысты тағайындалған жұмыстар Глубокое, Аягөз және Зайсан аудандарында қарқынды жүріп жатыр.

«Өнімділігі төмен және өсімдік шаруашылығы үшін тиімсіз жерлерді жайылымға беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ 164 гектар жерді бірқатар елді мекендердің әкімшілік шекарасына қосу қажет. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне бір ай ішінде мал жайылымына қатысты қиындықтарды шешуді тапсырдым», деп нақтылады Даниал Ахметов.