• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қыркүйек, 2021

Таразда жантүршігерлік жол апаты болды

807 рет
көрсетілді

Тараз қаласында көлік жүргізуші аялдамада тұрған төрт адамды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 15 қыркүйек сағат 7:20-да болған. С. Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бара жатқан Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі төрт адамды қағып кеткен. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, екі адам қайтыс болған. Тағы екі адам Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізілді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады», делінген ведомство хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде оқыс оқиға болған сәт түсірілген видеолар кең таралып жатыр.