• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қыркүйек, 2021

СҚО-да елік атқан браконьерлер ұсталды

330 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ерекше қорғалатын табиғи аймақта заңсыз аң аулаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызылжар ауданында 14 қыркүйекке қараған түні Согоровка қорықшасының аумағында табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы, қорықшаның бас аңшысы және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы оқ атылғанын естиді. Рейд қатысушылары аймақты аралап, сібір елігін өлтірген үш ер адамды тапты», деп хабарлады СҚО ПД.

Тағы бір жануардың ұшасы күдіктілердің Toyota Prado маркалы көлігінен табылды.

Аталған факт ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қылмыс жасады деген күдікпен 52 және 39 жастағы екі Петропавлдық, сондай-ақ Мамлют ауданының 51 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдіктілердің бірінен 308 калибрлі Steyr Mannlicher мылтық карабині тәркіленді.

«Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері үнемі аң аулау және балық аулау ережелерін сақтау, браконьерлік фактілерінің алдын алу бойынша рейдтер жүргізеді. Бұл іс-шаралар мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп өткізіледі. Жыл басынан бері облыста заңсыз аң аулаудың 10 фактісі тіркеліп, аң аулау ережелерін бұзудың 405 фактісі анықталды», деді СҚО ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.