• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қыркүйек, 2021

Ауған халқы наразылыққа шықты

302 рет
көрсетілді

Ауғанстандағы Кандагар қаласының мыңдаған тұрғыны Талибан қозғалысының бұйрығына қарсы шықты, деп жазады Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, наразылық білдірушілер Кандагарда губернатор үйінің алдына жиналған. Олар 3 мыңға жуық отбасына армия гарнизоны маңындағы аумақты босату туралы бұйрыққа наразы болды. Себебі көбінің үйі сол жерге салынған. Онда негізінен отставкадағы армия генералдары мен Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің басқа мүшелерінің отбасы тұрады.

Сондықтан мыңдаған ауғандық Кандагар көшелеріне шығып, аумақты мәжбүрлі түрде босатуға наразылық білдірді. Адамдар қаржылық қиындықтарға шағымданып, тіпті азық-түлік алуға шамасы келмейтінін айтады.

Әзірге тәлібтердің наразылық танытушыларға күш қолданғаны туралы ақпарат жоқ.

«Талибан» көшбасшылары кез келген қиянат жағдайын тергеуге уәде берді, бірақ демонстранттарға наразылық акциясына шығар алдында рұқсат сұрауды бұйырды.