• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қыркүйек, 2021

Қазақстаннан оралған үнді сарбаздарынан коронавирус анықталған

277 рет
көрсетілді

Қазақстанда өткен оқу-жаттығулардан оралған сегіз үнді сарбазының ПТР тесті коронавирусқа оң нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.  

Сарбаздар карантинге жабылған. Дәрігерлер қалған 44 сарбаздың жағдайын бақылауда ұстап отыр.

«Дүйсенбіде Қазақстаннан жақында оралған үш жергілікті тұрғын мен сегіз әскери қызметкердің ПТР тесті оң нәтиже көрсетті. Армия билігі тек вирус жұқтырған сарбаздардың санын айтты. Басқа ақпарат берілмеді», деді доктор Балвир Сингх The Times of India басылымына.

ҚР Қорғаныс министрлігі Үндістан әскерилері «KazInd-2021» бірлескен қазақ-үнді оқу-жаттығуларына қатысқанын хабарлады.

«30 тамызда Үндістаннан келген 90 адам Таразда ПТР тест тапсырды. Барлығының нәтижесі теріс болды. Кетерде сарбаздар тест тапсырудан бас тартты», деп хабарлады министрліктен.

Қазақстандық әскери қызметшілер жаттығу аяқталғанға дейін және аяқталғаннан кейін ПТР тест тапсырған. Олардың тест нәтижелері теріс болды.