• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Қыркүйек, 2021

Іскерлік белсенділік индексі

426 рет
көрсетілді

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың айтуынша, алынған бағалаулардың нәтижесі бойынша тамызда іскерлік белсенділік индексі төмендеп, 50,2 (шілдеде – 50,8) болды.

Бұған қызмет көрсету секторында көр­сет­кіштердің 50,7-ге (шілдеде – 51,1) және өнер­кәсіпте 49,1-ге дейін (шілдеде – 50,5) қыс­қаруы әсер етті. Индекстің қызмет көрсету секторында нашарлауы еңбекпен қамту ісінің төмендеуіне, ал өнеркәсіпте жаңа тапсырыстар мен өнімнің және жұмыспен қамту деңгейінің қысқаруына, сондай-ақ жеткізілім мерзімдерінің ұлғаюына байланысты болды.

Соған қарамастан, жұмыспен қамту деңгейі ұлғая түскендіктен құрылыстағы көрсеткіш 51,9-ға дейін (шілдеде – 50,1) өсті.

Аймақтар арасында тамызда 9 өңір­де іскерлік белсенділік жақсарып, 8-ін­де нашарлағаны байқалды. Іскерлік бел­сен­діліктің ең жоғары деңгейі – Түркістан облысы (54,6) мен Шымкент қаласында (52,8), ең төмені – Ақтөбе облысында (43,2).

2021 жылдың тамыз айында респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайының жақсара түскенін атап өтті. Қазіргі бизнес-жағдайларды бағалау бойынша жауаптар теңгерімі 1,7 (шілдеде – 0,5) болды, бұл жалпы Қазақстан бойынша карантин шараларын белгілі бір деңгейде жеңілдетуге байланысты. Кәсіпорындар өнімге/қызметке деген сұранысты, қаржыға/кредитке және коммуникацияға қолжетімділікті оң бағалады. Есесіне, салық жүктемесі мен бизнесті қорғау мәселелері теріс баға алды.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы бизнес-жағдайларға қатысты оптимизмі нашар болды: келешектегі жағдайларды бағалау 17,6 (шілдеде – 21,1) болды. Нәтижесінде, экономика бойынша бизнес-ахуал индексі 9,5-ке дейін (шілдеде – 10,5) төмендеді.

2021 жылдың тамызында сауалдамаға 462 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 175, көрсетілетін қызметте – 220.

 

«Егемен-ақпарат»