• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2021

Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

241 рет
көрсетілді

«Өзбекстаннан бауырлас Ауған халқына». Дәл осындай ұранмен көрші ел президентінің атынан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл жөнінде Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

1300 тонна жүк темір жол арқылы Балх провинциясына жеткізіліп, тәліптерге тапсырылған. Енді ұн, азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмектер мен киім-кешектер Ауғанстанның мұқтаж азаматтарына таратылмақ. Гуманитарлық көмек көрсеткені үшін тәліптер Өзбекстан президентіне алғыс білдірді.

Айта кетейік, Ауғанстанда азық-түлік тапшылығына байланысты БҰҰ Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстандағы қоймаларда бірінші қажеттіліктегі тауарлардың қорын арттыруға кіріскен. Қазір көрші Өзбекстанның Термез қаласында негізгі логистикалық орталық құрылған.