Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалықты Армения алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Арменпресс» хабарлағандай, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянды өз елі атынан және өзінің атынан құттықтап, оған жемісті қызмет тіледі.
«2022 жылдың бірінші жартысында Арменияда ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер және қорғаныс министрлері кеңестері мен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңес хатшылары комитеттерінің отырыстары өтеді», деп жазды басылым.