• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қыркүйек, 2021

Алматыдан 122 шақырым қашықтықта жер сілкінді

257 рет
көрсетілді

«ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қыркүйек күні cағат 12:31-де (Гринвич бойынша 06:31-де) жер сілкінісін тіркеді», деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.1. MPV магнитудасы – 3.9.

Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты – 42.15° с.е. 76.49° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер жоқ», делінген кезекші оператордың хабарламасында.