• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қыркүйек, 2021

Алматыда пара алған бұрынғы бас дәрігерге айыппұл салынды

227 рет
көрсетілді

Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай,№2 Бостандық аудандық сотымен сотталған перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері мемлекет кірісіне айыппұл төледі, деп жазады Egemen.kz.

«2021 жылғы маусымда Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотымен Алматы қаласы перинаталдық орталығының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, ол пара алғаны үшін сотталды (ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы). Сот отырысы барысында сотталған кінәсін толық мойындады, жасаған ісіне өкінді, сондай-ақ процессуалдық келісім жасады, ол бойынша 6 ай ішінде 35 еселенген мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, сот үкімімен ол мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару мүмкіндігінен айырылды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол 27 млн 300 мың теңге көлемінде айыппұл төледі.

Үкім заңды күшіне енді.