• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 16 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілді

263 рет
көрсетілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Қаржы мониторингі агенттігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды, деп жазады Egemen.kz.

Қол қою рәсімі барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М.Ахметжанов меморандумның Мемлекет басшысының қылмыстық жолмен табылған активтерді іздеуге қатысты тікелей тапсырмасы – follow the money қағидаты аясында әзірленгенін атап өтті.

Ведомство басшысының айтуынша, екі жақты бірлескен әрекеттер лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі бизнестің жолы кесілуіне ықпал етеді. Бірлескен құжат органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасайтын платформа болады деп күтілуде.

М.Ахметжановтың пікірінше, меморандум екі мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы өзара әрекет, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруде оң нәтиже бермек.

Меморандум аясында сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы бірлескен іс-шаралар, алдын алулар жүргізілмек. Екі мемлекеттік орган жұмыс тәжірибесімен және қылмыстың жай-күйі, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды ашу және тергеу әдістері мен тәсілдері туралы ақпарат алмасып отырады.