• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 16 Қыркүйек, 2021

Елдегі экологиялық проблемаларды шешудің жол картасы әзірленді

579 рет
көрсетілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім еткендей, Қазақстанда 17 бағыттан тұратын экологиялық мәселелерді шешуге арналған жол картасы әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Министрлік «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында экологиялық мәселелерді қоғаммен, әсіресе экобелсенділермен бірлесіп шешу жолын кеңінен қарастырды. Жұртшылықпен талқылау нәтижесінде әкімдік пен басқа да құзырлы органдармен бірлесіп экологиялық проблемаларды шешудің 17 жол картасы әзірленді. Оның аясында 485 іс-шара қарастырылған. Биыл соның 95-ін өткізу жоспарланып отыр. Биылғы жылдың 1 тоқсанында 70 іс-шара өткізу жоспарланып, оның 42-сі орындалды және 28 іс-шара енді қолға алынады», деді З.Жолдасов ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, аталған жол картасы аясында жасалған жұмыс 2025 жылға қарай нәтиже бере бастайды.

«Экологиялық проблемаларды шешу жол картасын іске асыру 2025 жылға қарай еліміздегі 10 қала атмосферасының ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сол арқылы ірі қалалар ауасының жай-күйі жақсара түседі. Одан бөлек, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 7 және 24 жаңа полигон салу жоспарымыз бар. Сол сияқты 12 қатты тұрмыстық қалдық полигоны қайта жаңғыртылады», деп нақтылады ол.