Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті атап өткендей, өрт Төле би-Тілендиев бойындағы жанармай құю бекетінен шыққан. «16 қыркүйекте 16:30 минутта «101» пультіне арызданушы мотоцикл жанғаны туралы, артынша өздері сөндіргенін, өрт сөндіру техникасы қажет емес екенін айтты», деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.