Спорттық құзға өрмелеуден Мәскеуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жылдамдық» бойынша өткен іріктеуде Әмір Маймұратов пен Ришат Хайбуллин финалға өтті. Маймұратов 11-орын алса, Хайбуллин 16-орыннан көрінген. Бұл екі спортшының финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, бүгін жарыс жолына шыққан Бекнұр Алтынбеков 23, Матвей Есипов 33, Роман Костюков 36-орынға табан тіреді.