• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Қыркүйек, 2021

Биылғы астық ішкі нарықты толық қамтиды – АШМ

409 рет
көрсетілді

Елде астық алқабының 83%-ы орылып, қамбаға 12 миллион тонна бидай құйылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Диқандар жалпы ауданы 13 миллион гектар жердегі дәнді дақылды шашпай-төкпей жинап алды. Бірақ өнім көңіл көншітпей тұр. Орташа есеппен гектарына 9,1 центнерден айналады.

Солтүстік Қазақстан облысында күзгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Ауыл шаруашылығы басқармасының соңғы дерегі бойынша, қазір өңірде 2 млн 500 мың тоннадан аса астық жиналды. Өңірде жалпы егіс аумағының 80%-ы орылды. Орташа түсім гектарынан 10,7 центнер. Кейбір диқандар қуаңшылыққа қарамастан мол өнім алып жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл 15 миллион тоннадан астам астық жиналады деп жоспарлап отыр. Бұл ішкі нарықтың сұранысын толық қамтып, экспорттауға да жетеді.