• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2021

Достықты нығайтудағы жұмыстары үшін алғыс

102 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте Ақтау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті.

Іс-шараға Маңғыстау облы­сының әкімі Н.Ноғаев, Ақпа­рат және қоғамдық даму минис­тр­лігінің өкілдері, облыстың чешен-ингуш, армян, әзербайжан, татар, неміс, украин, румын-молдаван, белорус, корей, еврей этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында этно­мә­дени бірлестіктердің қыз­метіне және ҚХА-ның этнос­аралық келісім мен жалпы­ұлт­тық бірлікті нығайту жөнін­дегі жұмыс жос­парларына қатыс­ты ағымдағы мәселелер талқы­ланды.

Атап айтқанда, этномәдени бірлестіктердің қызметіне жоба­лық тәсілдерді енгізу, мемлекеттік тілді ілгерілету, қайырымдылық және волонтерлік жұмыс, ҚХА жастар қозғалысын дамыту және т.б. мәселелер қаралды.

Кездесу соңында М.Әзілханов этномәдени бірлестіктердің жекелеген өкілдеріне алғыс хаттар тапсырып, оларға қоғамдағы татулықты, достық пен келісімді нығайтудағы жұмыстары үшін алғыс айтты.

 

«Егемен-ақпарат»