Халық санағы мемлекеттік деректер базасындағы кейбір мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
«Халық санағын өткізу барысында азаматтарға қатысты бірқатар мәліметтерден қате кеткені белгілі болды. Санақтан өткендер сауалдама толтырудың бастапқы кезеңінде кейбір жолдардың автоматты түрде толтырылатынын аңғарған болар. Бұл – аты-жөні, жынысы және мемлекеттік деректер базасынан алынатын басқа да ақпараттар», деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, төрт ер адам деректер базасында әйел ретінде көрсетілген. Ал үш әйел еркек ретінде көрсетіліп тұрған.
«Бұл адамдарға статустарын өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге кеңес берілді», деп қорытындылады өз сөзін Бюро басшысы.
«Егемен-ақпарат»