• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Қыркүйек, 2021

Құрылыс саласындағы тәжірибесінен үйренбек

97 рет
көрсетілді

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қа­расты «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жоба­лау институты» АҚ («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мен Өзбекстанның Құ­ры­лыс министрлігі жанындағы Құрылыстағы техникалық нор­ма­лау орталығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар бірқатар бірлескен жобаларды көздейтін өзара тиім­ді ынтымақтастық жөнінде уағ­да­ласты. Атап айтқанда, Қа­зақ­­с­тан мен Өзбекстанның ға­лым­­дары мен мамандарын тарта отырып, сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын негіздеу және орындау үшін бірлескен уақытша ғылыми ұжымдар құру жоспарлануда. Қазақстандық мамандардың Өзбекстанда табиғи вибродинамикалық сынақтар жүргізуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, жер сілкінісіне төзімді ғимараттар мен құрылыстарды салу саласында ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, кездесулер мен көрмелер өткізу, тәжірибе және ақпарат алмасу көзделген.

Ынтымақтастық шеңберінде Өзбекстанда сейсмикалық оқшау­лау технологияларын және ғи­ма­рат­тар мен құрылыстарды сейс­­микалық қорғаудың басқа да әдіс­те­рін енгізу және одан әрі да­мыту болжанып отыр. Сондай-ақ, Өзбекстан Қазақстанның баға бел­гілеу, ақпараттық модельдеу және құрылыс саласындағы ха­лық­аралық нормаларды енгізу са­ла­сындағы тәжірибесіне сүйе­не­ді.

«ҚазҚСҒЗИ» институтының сейсмикаға төзімді құрылыс, баға белгілеу және ақпараттық модельдеу саласында үлкен тәжірибесі бар. 2019 жылы институтқа ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылысы саласындағы базалық ұйым мәртебесі берілді. ҚазҚСҒЗИ базасында ТМД елдерінің құры­лы­сында ақпараттық модельдеу технологиясы саласындағы нор­мативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссия жұ­мыс істейді. Біз ҚазҚСҒЗИ-дың құрылыстағы кәсіби тәжірибесі Өзбекстандағы әріптестеріміз тарапынан табысты қолданылып, жетілдірілетініне сенімдіміз», дейді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры Бегман Көлбаев.

Еске сала кетелік, 2018 жылы «ҚазҚСҒЗИ» институтының ма­ман­­да­ры Ташкент қаласындағы 9 қабатты үйдің бірегей вибро­ди­на­ми­калық сынағын өткізіп, кейін ол «Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасына үлгілік жоба ретінде енгізілді.

 

«Егемен-ақпарат»