Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясы Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Астана опера» театрында әлемдік музыканың көрнекті өкілі, венгер композиторы Бела Бартоктың 140 жылдық мерейтойына арналған «Под знаком Белы Бартока» атты концерттер сериясын жалғастырды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Ернар Мыңтаев.
Бағдарлама аясында Бела Барток шығармаларынан бөлек камералық музыканың негізін қалаушы, веналық классик Джозеф Гайдннің ішекті квартеті және қазақ композиторы Сәтжан Шәменов шығармасының премьерасы өтті.
Көрерменге классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінде өнер көрсеткен бірінші скрипкада – Айдар Тоқталиев, екінші скрипкада – Алексей Лебедев, виолада – Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев кештің сәнін кіргізіп, әлемдік музыка жауhарларын елордалық көрерменге тарту етті.